Мемлекет басшысы Түркі Академиясына қатысты заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас ғимараты Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Халықаралық Түркі академиясын халықаралық ұйым деп тануды көздейтін заңға қол қойды.

05 Mayıs 2022 13:39

Заң Халықаралық Түркі академиясының Қазақстан аумағындағы жұмысын реттеуге бағытталған.

Енді академияның жергілікті және шетелдік қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтуі керек болады, сондай-ақ ғимаратта Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің тулары да ілінеді.

Келісім түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мақсатымен қабылданған.

Айта кетейік, академияның қазіргі мүшелері - Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия. Мажарстан бақылаушы ел мәртебесіне ие.

Жаңалықтар