Орталық Азия мен Қытай аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ынтымақтастықты кеңейтеді

Нұр-Сұлтан қаласында "Орталық Азия-Қытай" форматында Сыртқы істер министрлерінің 3-ші отырысы өтті. Кеңес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен өтті.

09 Haziran 2022 16:22

Мұхтар Тілеубердің төрағалығымен өткен кеңеске Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов, Тәжікстанның көлік министрі Әзім Ибрагим және Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И қатысты.

Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көп салалы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқыланды.

Тараптар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда "Орталық Азия – Қытай" диалогының маңызды рөлін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасында қауіпсіздік, көлік, логистика, энергетика, өнеркәсіп, климаттың өзгеруімен күрес, жасыл экономика, ақпараттық индустрия, Денсаулық сақтау, білім беру, туризм, мәдениет және басқа да стратегиялық бағыттар бойынша жол картасы бекітілді.

Жаңалықтар