07 Haziran 2022 22:50
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бүкіл ел бойынша кешегі конституциялық референдумның алдын ала қорытындыларын жариялады.
«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады», деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Тиісінше, тіркелген 11 миллион 734 мың 642 сайлаушының 8 миллионға жуығы (68%) референдумда дауыс беру үшін сайлау учаскілеріне барды.
"Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен келісесіз бе?” сұрағына сайлаушылардың 77,18% - ы "иә" деп дауыс берді, ал 18,66% - ы "жоқ" деп жауап берді.
Осылайша, Қазақстан тарихында екінші рет референдум өткізілді.
Конституциялық өзгерістер
- «Жалпы ережелер» деп аталатын бірінші бөлімде меншікке арналған алтыншы баптағы бір ғана тармақ өзгереді. Бұрын жердің асты-үстіндегі барлық байлық мемлекет меншігінде еді. Енді ол халық меншігіне өтеді. Ал мемлекет халық атынан оны басқару құқығына ие болады.
Өзгеше айтқанда, бұл өзгеріс тек шартты сипатқа ие.
- «Адам және азамат» бөлімінде өлім жазасы терроризм мен аса ауыр қылмыстар үшін ерекше жаза екені туралы екіұшты формуланың орнына қарапайым және қысқа «өлім жазасына тыйым салынады» деген сөз келеді.
Сондай-ақ, еріксіз еңбекке қандай жағдайларда жол берілетіні туралы норма да өзгереді. Егер бұрын: «Сот үкімі бойынша» деп айтылған болса, енді - «кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде» деп айтылатын болады. Яғни, еріксіз еңбек жазаның ықтимал опцияларының бірі болады.
Құқық қорғайтын жаңа институттар құрылады: Олар - Конституциялық сот (Конституциялық Кеңестің орнына) және Жоғары аудиторлық палата (Есеп палатасының орнына). Олардың функциялары бұрынғыша қалады, бірақ өкілеттіктері кеңейтіледі. Атап айтқанда, Конституциялық сот азаматтардың өтініштерін қарайды. Бұл ретте Конституциялық соттың судьяларын Президент (төрт), Сенат (үш) және Мәжіліс (үш) тағайындайды. Парламенттік бөлімге енгізілген өзгерістер ең көлемді, бірақ олардың барлығы заңдарды қабылдау регламентін реттейді. Мәжіліс заң қабылдау жүйесіндегі негізгі институт болады. Олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін және бұл ретте заң шығару процесін оңтайландыратын, сондай-ақ, Мәжілістің заңнамалық және бақылау функцияларын күшейтетін жаңа рәсім енгізілуде.
11 миллион 700 мыңға жуық тіркелген сайлаушы
Конституциялық референдумда сайлаушы: "Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен келісесіз бе? "Иә" немесе "жоқ" деген сұраққа жауап берді.
Референдумда 11 миллион 700 мыңға жуық тіркелген сайлаушылардың дауыс бере алу мүмкіндігі үшін бүкіл ел бойынша 553 сайлау учаскесі және 52 шет елде 65 сайлау учаскесі орнатылады.
Реферандумды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымының Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық ұйымдар, жалпы шет елдерден 272 өкіл бақылады.