Түркіменстанның Ақалтеке жылқысы

Ақалтеке жылқыларының шыққан жері - Түркіменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары.

15 Ağustos 2022 12:52

Ақалтеке жылқысы — түркімен халқының арғымақ түрі.

Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.

Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары.

Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биіктігі 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.

Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Түркістан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі.

Жаңалықтар