Түркістан шеберлерінің жасаған алғашқы кесене: Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан, кесене Әзірет Сұлтан мұражайының бір бөлігі болып табылады.

19 Haziran 2022 18:47

Рабиға Сұлтан Бегім 1451 жылы көшпелі Өзбек хандығының билеушісі Әбілқайырға тұрмысқа шығады.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Рабиға Түрікменстанда 17 жыл тұрып, 1485 жылы дүниеден озады.

Рабиға Сұлтан Бегімнің ұлдары анасының құрметіне кесене тұрғызуға ниет етеді.

Кесененің жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайды, ал ғимарат бес бөлмеден тұрады.

Көк түсті цилиндрлік күмбезбен безендірілген сегіз бұрышты ғимарат екі биік тіректе тұрған арка түрінде жасалған.

Рабиға Сұлтан Бегімнің бейіті кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Сәулет ескерткіші туралы тарихи деректер 16-шы ғасырда пайда бола бастады.

1895 жылы орыс әскерлері күмбезді және қабырғалардың бір бөлігін "бір күнде құлап кетуі мүмкін" деген сылтаумен қиратты.

Алайда, жүз жылдан кейін кесене қалпына келтірілді.

Бүгінгі таңда бұл әдемі ортағасырлық сәулет ескерткіші Әзірет Сұлтан мұражайының бөлігі болып табылады.

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Түркістан шеберлері салған алғашқы сәулет ескерткіштерінің бірі ретінде тарихқа еңген.

Жаңалықтар