Түркияның Кемалие ауданы "тыныш қалалар" тізіміне енгізілді

Тарих бойында бірқатар өркениеттерге ие болған Кемалие ауданы өзінің дәстүрлі сәулетімен және мәдени мұрасымен ерекшеленеді.

02 Nisan 2022 17:02

2022 жылғы 26 наурызда Cittaslow халықаралық кеңесінің отырысы онлайн форматта өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Түркияның Кемалие ауданы "тыныш қалалар" тізіміне енгізілді.

Кемалие ауданы Фырат өзенінің жағасында, тарихи Жібек жолының бойында орналасқан. 1922 жылы бұл жердің тұрғындары сыртқы жауларға қарсы халықтық бірлестік күштерін қолдады. Осыған байланысты Мұстафа Кемал Ататүрік бұл ауданды Кемалие деп атады.

Тарих бойында бірқатар өркениеттерге ие болған Кемалие ауданы өзінің дәстүрлі сәулетімен және мәдени мұрасымен ерекшеленеді. Аудан 2021 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра уақытша тізіміне енгізілді.

Тарихи аудан сонымен қатар Чекул Қорының "7 қаланың 7 аумағы" жобасына енгізілген. Ал 2003 жылы Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігі Кемалие ауданын туризмнің басым аймақтарының тізіміне енгізді.

Кемалие ауданының әкімі Мехмет Қараман атап өткендей, "тыныш қалалар" тізіміне белгілі бір өлшемдерге сәйкес келетін арнайы қалалар ғана кіре алады.

Мақсат - тізімге енгізілген қалалардың табиғи құндылықтарын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жергілікті сәулетін, азық-түлік, музыка, қолөнерін қорғау.

Кемалие ауданының осы тізімге қосылуы ауданның дамуына және әлемдік деңгейде танылуына ықпал етеді.

Жаңалықтар