Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі: экспорт артты

Филиппин Республикасы "АТАК" түрік тікұшағын алды. Осылайша тікұшақ алғаш рет шетелдік армияның түгендеуіне кірді.

07 Nisan 2022 09:40

Филиппин астанасы Манилада Түрік Қарулы Күштерінің шабуыл тікұшағына қажеттіліктері үшін жасалған "АТАК" атты екі шабуыл тікұшағын жеткізу рәсімі өтті.

Рәсімге Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің басшысы Исмаил Демир де қатысты. Аталмыш шарада шабуыл тікұшағының сипаттамалары бейневидеомен түсіндірілді.

Рәсімде сөз сөйлеген Исмаил Демир бұл шабуыл тікұшағы өз класында ең үздік екенін атап өтті.

Сонымен қатар Демир "Біз екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты жаңа дәрежеге көтереміз,» - деді.

Филиппиннің Ұлттық қорғаныс министрі Дельфин Лоренцана шабуыл тікұшағының тиімділігіне назар аударды.

Министр Лоренцана флоттарының осы салада қайта құрылымданғанын мәлімдеді және бұл типтегі тікұшақ Филиппин үшін бірінші болғанын айтты.

Айта кетейік, "АТАК" - Түркияның географиялық және климаттық жағдайларына сәйкес, Түрік Қарулы Күштеріне арналған "ТУСАШ" және "АгустаУэстланд" бірлесіп өндіретін шабуыл және тактикалық барлау тікұшағы.

Жаңалықтар