Түркияның шет тілдеріндегі ресми атауы өзгерді

БҰҰ-ның қарарымен енді Түркияның шет тілдердегі атауы "Turkey" орнына "Türkiye" болады.

02 Haziran 2022 12:57

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлу БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттерешке жүгініп, Түркияның шет тілдеріндегі атауын "Turkey" емес, "Türkiye" деп атауды талап етті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияның бұл талабын қабылдады.

Бұл туралы ұйымның өкілі Стефан Дужарич хабарлады. Осылайша, Түркияның шет тілдердегі ресми атауы "Türkiye" болады.

 

Жаңалықтар