150

Түркияның төрінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

«Алаш» қозғалысының белді мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ТҮРКСОЙ ұйымы, Анкара Хажы Байрам Вели университеті және Анкарадағы қазақ студенттері бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ғасыр ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы" атты дөңгелек үстел өтті.

16 Haziran 2022 12:29

Іс-шараның басында сөз алған Қазақстанның Түркиядағы Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Тәуелсіздік – Қазақстан халқы үшін ең қастерлі қазына және басты байлығы екенін, Қазақстан тарихы талай жарқын кезеңдерден тұратынын, сондай жарқын кезеңдердің бірі – өткен ғасырдың басында Алаш туы астында біріккен зиялылар мен қайраткерлеріміздің халқын азаттыққа жеткізу жолында жүргізген күресі деді.

"Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 150 жыл толуына орай Елшіліктің ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтіп келе жатыр. «Ұстаз» атанған А.Байтұрсынұлының араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктерін зерттеу арқылы қазақ грамматикасына сәйкестендіріп, реттелген ережелерден тұратын еңбектері болашақ ұрпаққа қалдырған байлығы," - деді Елші.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Е.Сәпиев, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлу, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің оқытушы-зерттеушілері проф.док. Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун мен проф.док. Хулия Касапоғлу Ченгел, Анкара саясат және дағдарыс зерттеулері орталығының (АНКАСАМ) өкілі Жем Койунжу, Сахипкыран стратегиялық зерттеулер орталығының (SASAM) өкілі Ахмет Атамжа, ТҮРКСОЙ ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омаров, түрік БАҚ өкілдері, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің докторанты Елдос Тоқтарбай және Анкараның университеттерінде білім алып жүрген қазақ-түрік докторанттары мен студенттері қатысты.

Жаңалықтар