Тақия - қазақ халқының ұлттық бас киімі

Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі - тақия соңғы уақытта жиі қолданысқа ие болды.

02 Mayıs 2022 16:29

Қазақ қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған.

Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған.

Жаңалықтар