Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Түркия-Украина қатынастарын бағалады

Украинаның Инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Украинада түрік компанияларын күтетіндерін атап өтті: "Мен түрік компаниялары Азов және басқа аймақтардағы жобаларға қатысып, жеңіске жетеді деп үміттенемін, сондықтан біз түрік компаниялары Украинаның инфрақұрылымын тек жол құрылысында ғана емес, басқа салаларда да дамытып жатқанын көргіміз келеді."- деді ол.

22 Şubat 2021 12:12

Криклий екі елдің инфрақұрылым және көлік салаларындағы қатынастарын бағалады.


"Украинада инфрақұрылым саласында, әсіресе жол құрылысында жұмыс істейтін көптеген түрік компаниялары бар екенін атап өтті. Біз тек мемлекеттік қаржыландыру жобаларын ғана емес, осы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын да көргіміз келеді."-деді Криклий.

Украинада жалғасып жатқан "Үлкен құрылыс" жобасының аясында 2020 жылы 1000 километрден астам жол салынды сондай-ақ биыл одан да үлкен жеңістіктерге жеткісі келгенін айтқан Криклий, жолдардың құрылысы тек ғана қалаларды байланыстыру үшін емес сонымен бірге аймақтың экономикасын жақсартуда өте маңызды екенін атап өтті.

Криклий Украина Президенті Владимир Зеленскийдің инфрақұрылымдық жобаларға аса назар аударғаның айтты.

2014 жылдан бастап Ресеймен Украинаның қарым-қатынастарының нашарлауына байланысты жаңа сауда байланыс жолдарын қарастырылып жатқанын айтқан Криклий: "Польшаның Гданьск портынан Одесса портына дейінгі аралас көлік тасымалы, шығыстын Жаңа Жібек жолына дейін созылуы мүмкін"-деді.

Жаңалықтар