25 Nisan 2022 17:09
Әлемдегі ең беделді мейрамханаларды бағалау жүйелерінің бірі "Michelin нұсқаулығына" Ыстанбұл қаласы енді.
Бұл туралы Ататүрік Мәдениет орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Іс-шараға Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нұри Ерсой мен "Michelin нұсқаулығы" халықаралық ұйымының директоры Гвендал Поулленнек қатысты.
Баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Мехмет Нұри Ерсой мыңжылдық тарихы арқасында түрік тағамдары әлемдік тағамдар арасында басым орынға ие екенін атап өтті. Ол Ыстанбұл Түркияның гастрономиялық астанасы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі жетекші гастрономиялық қалалардың бірі екенін айтты.