07 Mayıs 2022 00:34
Чамлыжа мешітінің негізі 2013 жылы 7 тамызда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен қаланды.
Теңіз деңгейінен 268 метр биіктікте орналасқан Чамлыжа төбесінің басында орналасқандықтан, мешіт өз атауын осы төбеден алды.
Мешіт Осман-Селжүк сәулетінің элементтерін біріктіреді және заманауи сәулетпен lt үйлеседі. Ыстанбұл қаласына сұлулық қосатын Чамлыжа мешіті қаланың негізгі ғимараттарының бірі болып табылады.
Мешіттің 6 мұнарасы бар. Оның 4 мұнарасының биіктігі- Малазгирт жеңісінің құрметіне 107,1 метр. Ал қалған 2 мұнараның биіктігі 90 метр.
Мешітте бір уақытта 63 мың адам намаз оқи алады. Ол заманауи технологиялармен, электрондық жүйелермен жабдықталған, оқыту жұмыстары, семинарлар мен тренингтер өткізілетін діни құндылықтарды зерттеу орталығы ретінде қызмет етеді.
Мешітте 3500 шаршы метрлік көркем галерея, 3 мың шаршы метрлік кітапхана, 1071 орындық конференц-залы, 8 өнер шеберханасы және 3500 көлікке арналған тұрақ бар.