1-71

1 миллион 71 мың этникалық қазақ отанына оралды

Қаңтар айында Қазақстанға 877 этникалық қазақ көшіп келді. 1991 жылдан бастап 1 миллион 71 мың этникалық қазақ отанына оралды.

19 Şubat 2021 09:48

2021 жылдың Қаңтар айында Қазақстанға 877 этникалық қазақ көшіп келді. Оның 65,9% - ы Өзбекстаннан, 19,3% - ы Қытайдан, 6,3% - ы Түркіменстаннан, 4,2% - ы Моңғолиядан және 4,3% - ы басқа елдерден келді деп мәлімдейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2020 жылы қабылданған жаңа заңға сәйкес, елге көшіп келген этникалық қазақтарға  тұруға ықтиярхатпен бірге елдің азаматтығын алуға да өтініш беру мүмкіндігі берілді.

"Нұрлы көш" бағдарламасы

Өткен жылы Қазақстанға 10 мыңнан астам қазақ көшіп келді. Совет Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін демографиялық проблемаларға тап болған Қазақстан Үкіметі "Нұрлы көш" бағдарламасының көмегімен өзінің тарихи отанына оралғысы келетін казактарды қолдап келеді.

Қазіргі уақытта 40-тан астам елде 5 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді. 

Жаңалықтар