2022-10

2022 Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына 10 күн қалды

4-20 ақпан аралығында Қытайда өтетін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына 3000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Түркияның абыройын 7 спортшы қорғайды.

25 Ocak 2022 19:48

Қытай астанасы Бейжіңде өтетін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына 10 күн қалды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық спортшы 4-20 ақпан аралығында өтетін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады деп күтілуде. 

7 түрік спортшысы елінің намысын қорғайды: тау шаңғысы - Өзлем Чақыроғлу мен Беркин Уста, трамплиннен секіру - Фатих Арда Ипчиоғлу, шаңғы жарысында - Өзлем Жерен Дұрсын, Айшенұр Думан және Юсуф Эмре Фырат, сонымен қатар мұзда сырғанауда - Фуркан Акар.

Вирус оқиғалар санының көтерілуі алаңдаушылық тудыруда

Қытай коронавирус індетіне байланысты Бейжіңде өтетін 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билеттерді сатпау туралы шешім қабылдады. Осылайша, ойынға тек ғана шақырылған көрермендер тобы келе алатын болады.

Спортшылар мен ойындардың басқа да қатысушылары спорт объектілерінде, тұратын орындарында және көлікте медициналық тәртіп шараларын қатаң сақтауға тиіс.

Олимпиадалық алауды қолдан қолға беру рәсімі 

Пандемияға байланысты олимпиадалық алауды қолдан қолға беру рәсімі бірқатар белгілі жерде өткізіледі. Олимпиада алауы 2, 3 және 4 ақпанда Бейжіңнің орталығында, Янчинг ауданы және көршілес Хибэй провинциясындағы Кангчиакоу қаласыны қоса алғанда жалпы 11 нүктеден өтеді.

Жаңалықтар