"Ақ мәрмәрлы елорда" - Ашхабад

Түркіменстанның астанасы Ашхабад Копетдақ тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214-240 м биіктікте орналасқан.

19 Haziran 2022 12:20

Ашхабад -Түркіменстан Республикасының астанасы. Қаланың солтүстігінде Қарақұм каналы өтеді.

"Махаббат" және "ақ түсті" қала ретінде белгілі Ашхабад - Қарақұм шөлінің арасындағы оазис.

Қала әлемге әйгілі "Ақал теке" жылқыларымен және "алабай" иттерімен танымал.

Ашхабад-ақ қала

"Ақ мәрмәрлы елорда" — түрікмендер өз елордаларын осылай дәріптейді. Копетдақ тауының етегіндегі Ахал алқабы мен Қарақұм шөлінің шетінде, теңіз деңгейінен 214-240 м биіктікте орналасқан.

Қала 2013 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Тарихи және дәстүрлі мәдениетімен, сұлулығымен және табиғилығымен ерекшеленетін қала заманауи сәулетімен таң қалдырады.

Ашхабад қаласы-махаббаттың, бірлік пен келісімнің, достық пен мәңгілік бейбітшіліктің символы.

Ашхабад Түркіменстанның мәдениет, өнер, спорт және әдебиет орталығы

Ашхабад - ежелгі Ниса қаласы және ұлы Парфия өркениеттерінің мұрасын сақтайтын мәдени орталық.

Қалада көптеген іс-шаралар, соның ішінде Азия ойындары, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты және веложарыстар секілді шаралар өтті.

 

Жаңалықтар