Ақсак Темірдің кесенесі "Гур Эмир"

Жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі Әмір Темірдің кесенесі "Гур Эмир" деп аталады, яғни "патшаның кесенесі".

29 Mayıs 2021 22:16

Орта Азия сәулет өнерінің бірегей туындысы болып саналатын "Гур Эмир" кесенесінің құрылысы 1403 жылы басталып, 1424 жылы аяқталған. Алдымен бұл кесенеде Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Сұлтан жерленген, бірақ кейінірек бұл жерге Әмір Темір де жерленгеннен кейін кесененің аты "Гур Эмир" деп ауысқан. "Гур Эмир" кесенесі Өзбекстанға келген туристердің міндетті түрде зиярат ететін орындардың бірі болып саналады. Кесенеде Ақсақ Темірдің ұлдарының, немерелерінің, сондай-ақ мұғалімдерінің де қабірі орналасқан. Темірдің қабірінің негізгі бөлігінде оның мұғалімі Саид Берекенің қабірі орын алуда, ал басқа жағында ұлдары мен немерелері жерленген. Қабірдің тастары Құранның аяттарымен безендірілген. Кесененің аймағында мешіт және медресе бар. Сондай-ақ, Гур-и-эмирдің құрамына медресе мен мешіт кіреді. Мұнда қабірлер өлеңдермен безендірілген. Ғимараттардың қасбетінде өлеңдер мен хадистердің мысалдары бар.

Жаңалықтар