АҚШ-та түрік азаматтық ұйымдары Ходжалы қырғынын айыптады

АҚШ-та қызмет істейтін түрік азаматтық ұйымдары Ходжалы қырғынына байланысты еске алу хабарламасы жасады.

26 Şubat 2021 10:38

Түрік-американдық басқару комитетінің  (TASC)  жариялаған хабарламасында, Армения армиясы Әзірбайжанның Ходжалы қаласында 613 қорғансыз бейбіт тұрғынды, оның ішінде 106 әйел мен 63 баланы өлтіруді қатаң түрде айыптады. 

"Біз бұл жиіркенішті әскери қылмыс үшін әділеттілікті талап етуіміз керек"

Хабарламада: "Халықаралық қауымдастыққа армян әскерлерінің жасаған қатыгездіктері туралы хабарлап, осы жиіркенішті әскери қылмыс үшін әділеттілікті талап етуіміз керек."- деп айтылды.


Түрік-американдық қауымдастықтар кеңесінің (АТАА) жариялаған хабарламасында, армян күштерінің 1992 жылы жасаған қырғын айыпталып, Америка Құрама Штаттарыны және халықаралық қауымдастықты, армян басшыларыны осы қылмыс үшін жауапқа тартуға шақырылды.

Ходжалы Қырғыны

Армения қарулы күштері 1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Ходжалы қаласына басып кіріп, 613 адамды өлтірді, оның ішінде 63 бала, 106 әйел және 70 қарт адам болған. Қырғыннан 76 бала және 487 адам ауыр жарақат алып, аман қалды. Армян әскерлері 1 мың 275 адамды тұтқындады, олардың 150-інден осы күнге дейін хабар алынбады.

Жаңалықтар