Аңыздар өлкесі - Бурабай

Қазақтың «бура» түйе деген сөзінің мағынасын беретін Бурабай Ұлттық паркі Қазақстанның Швейцариясы деп аталады.

04 Şubat 2022 17:48

Өзіне тән табиғатымен ерекшеленетін Бурабай шын мәнінде еліміздің інжу-маржаны мәртебесіне лайық.

Осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған Бурабайдың табиғаты қазақ даласының мақтанышы.

Бурабай Ұлттық паркінің жалпы аумағы 83,5 гектарды құрайды. Оның жартысы орман болып келеді. Өсімдіктердің 757 түрі табылатын Ұлттық парк мемлекеттік қорғауда, олардың 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген.

Бурабай таңқаларлық табиғатымен, таза ауасымен, тұнық көлдерімен, тау шыңдарымен, қалың ормандарымен жыл сайын миллиондаған туристердің демалатын жері ретінде таңдалып келеді.

Ақмола облысының солтүстігіндегі Көкшетаудың жоғары жағында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркінде 14 көл, соның ішінде Бурабай өзені, үлкен және кіші Чебачье, Щучье, Катарколь, Горное, Маябалик, Лебединское, Қарасье және басқа да ірі көлдер бар.  Олардың ішінде тереңдігі 35 метрге жететін ең терең және таза көл Щучье, ал жылы және таязы Бурабай.

Бурабайдың ең көрікті жерлерінің бірі Көкшетау қыратының «Көгілдір тауы» болып саналады. Таудың биіктігі 947 метрді құрайды, бұл Көкшетау қыратының бөлігі болып табылады. 

Жаңалықтар