Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының шығармашылық құрамында өз өнерлерін атақты сахна шеберлерімен қоса шындап келе жатқан жас таланттары бар Еуразиядағы үлкен театрлардың бірі.

22 Nisan 2022 17:14

Театр алдымен 1933 жылы 29 қыркүйекте Алматыда Қазақ ұлттық оркестрінің елу актерінен, жиырма симфониялық музыкантынан және он екі ұлттық музыкантынан тұратын музыкалық студия ретінде құрылады.

1934 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезов жазған "Айман-Шолпан" пьесасы музыкалық комедия түрінде сахналанады.

Бұл пьесаның қойылымы Қазақ опера және балет театрының дүниеге келуі болып саналады.

1941 жылы 7 қарашада театр өз ғимаратына көшті, сол жылы театрға "Академиялық" мәртебесі берілді.

1945 жылдан бастап театр қазақ ақыны, гуманист, философ, композитор Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.

1995-2000 жылдары театр ғимараты жаңартылды.

Итальяндық классика Қазақстан сәулетіндегі ұлттық форманың дәстүрлі элементтерімен үйлесті.

Жалпы, ғимараттың декоры мен оның негізгі көркемдік стилі сақтала отырып, заманауи әрлеу материалдары қосылды, ал фойе мен көрермендер залында "Алтын адам" киіміндегі ою-өрнектеріне ұқсас ою-өрнек элементтері енгізілді.

Қазақ халық өнері дәстүрлерінің байлығы театрдың басқа интерьерлерін безендіру жұмыстарында да қолданылды.

Қазіргі уақытта театр репертуарында "Абай", "Аида", "Абылай Хан", "Айсұлу", "Біржан мен Сара", "Еңлік Кебек", "Бақшасарай бұрқағы", "Ромео мен Джульетта", "Махаббат аңызы" секілді жұмыстар ұсынылуда.

Жаңалықтар