"Ала-Тоо әйелдері" қозғалысы Түркия президенті Ердоғанды "Жылдың адамы" сыйлығымен марапаттады

450 мың мүшесі бар "Ала-Тоо әйелдері" қозғалысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды "Жылдың адамы" деп таңдады.

11 Mart 2022 19:12

"Ала-Тоо әйелдері" қозғалысы Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоғанға "2021 жылдың адамы" атағын берді. Бұл туралы аталған ұйымның төрағасы Жыпаргүл Бергібаева мәлімдеді.

Бергібаеваның айтуынша, арнайы комиссия Түркия көшбасшысын осы марапатқа лайық деп таныды.

Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты, "Құрманжан Датқа" қайырымдылық қорының төрайымы Жылдызқан Жолдошова Ердоғанның Қырғызстанға ең қиын уақытта қолдау көрсеткенін  ұмытпағандықтарын атап өтті.

Түрік басшысы бұл марапатқа бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін және әлемдік қоғамдастыққа көрсеткен құрметі үшін ие болғаны атап өтілді.

"Біз бүкіл әлемде бейбітшілік орнайды деп күткен уақытта Ресей мен Украина арасында шиеленіс басталды. Ердоған мырза бұған бей-жай қарамады. Кеше де Түркияда қарулы қақтығыстар басталғаннан бері тараптардың алғаш кездесуң өтті. Құрметті президенттің бұл күш-жігері оның бүкіл әлемде бейбітшілік қалайтынын білдіреді. Мен Ердоған мырзаның "Жылдың адамы" марапатына лайық екенін мақтанышпен айтамын. Себебі ол адамзатқа зиян келтіретін әлемдегі кез-келген жағымсыз оқиғаға бей-жай қарамайды." - деп жалғастарды Жолдошева.

"Ала-Тоо" әйелдер қауымдастығының мүшесі Самара Тоқтақынова 2021 жылғы сыйлықтың қайырымдылыққа себеп болғанын және бүкіл әлемде бейбітшілікке ықпал еткенін қалайтынын атап өтті.

Жаңалықтар