2-6

Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болды. Тағы 6 адам ауыр жарақаттанды

«29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді»,- деп мәлімдеді ТДЖ баспасөз қызметі.

31 Mayıs 2021 19:40

29 мамыр күні шатқал аумағына қысқа мерзімді қатты жауын түсіп, соңы батпақты селге ұласқан. Салдарынан екі адам қайтыс болған.

Жоғалып қалған қыз баласы осы селмен ағып кеткен. 

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09-34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуде», деп мәлім етті ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Шарын шатқалы – Алматы облысындағы бірегей табиғи аумақтардың бірі. Алматы қаласынан 200 шақырымда орналасқан Шарын өзені бойымен 154 шақырымды алып жатыр. 

Жаңалықтар