Алматының інжу-маржаны - Көлсай көлдері

Солтүстік Тәңір Тауларында орналасқан Көлсай көлдері Қазақстанның танымал туристік жері.

05 Kasım 2021 23:39

Көлсай көлдері Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында орналасқан.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м. биіктікте орналасқан.

Көлсай су қоймаларының жүйесіне үш көл кіреді: жоғарғы, орта және төменгі – барлығы өте терең және салқын. Көлдердің бетінде шексіз көк аспан көрінеді. Көлсай көлдері ұлттық паркінде треккинг-маршруттар, атпен экскурсиялар мен серуендер ұйымдастырылады.

Соңғы уақытта Көлсай көлдері, әсіресе шетелдік туристердің назарын аударыда, ал Алматылықтардың мақтанышы болған Көлсай, таңқаларлық табиғи сұлуғымен келгендерге жағымды көңіл-күй сыйлып, денсаулығына жақсы әсер етеді.,

Жаңалықтар