Алматының жүрегі - Көк Төбе

Қазақстанның бұрыңғы астанасы Алматы қаласының жүрегі ретінде танымал Көк Төбе жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударуда.

13 Şubat 2022 17:22

Көк Төбе - 1975-1983 жылдары салынған теледидар және радио мұнарасы.

Қазақстандағы ең биік мұнара және әлемдегі биіктігі бойынша 14-ші мұнара ретінде танымал Көк Төбенің биіктігі биіктігі 371,5 метр болып келеді.

1984 жылдың қазан айында болған өрттің салдарынан мұнара ұзақ уақытқа жабылды. 2013 жылдың басында Алматы әкімшілігі Көк Төбенің қасында мәдени-демалыс орталығын салу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Көк Төбе мәдени-демалыс орталығында келушілерге арқан жолдары, хайуанаттар бағы, саябақтар және бірнеше мейрамханалар қызмет көрсетеді. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте, Көк Төбе тауының басында орналасқан демалыс орталығы қаланың басты көрікті жерлерінің бірі.

"Көк Төбе" арқан жолы

2017 жылы Қазақстанда өткізілген ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындық аясында реставрацияланған арқанды жолдың ұзындығы 1620 метрді құрайды. Жалпы алғанда, 17 жаңа кабинасы бар арқан жолдары бүкіл қаладан көрінетін Көк Төбе тауына апарады.

"Нұх кемесі" - экзотикалық жануарларды оңалту орталығы

Ойын-сауық орталығында кішкентай хайуанаттар бағы және экзотикалық жануарларды сауықтыру орталығы бар.

Түрлі ойын-сауық қызметтерді, дәстүрлі қазақ және халықаралық асханалардың ең дәмді тағамдарын ұсынатын мейрамханалар мен кафелерді, сондай-ақ үнемі өткізілетін концерттер мен театрлық қойылымдарды ұсынатын Көк Төбе ойын-сауық орталығы Алматының маңызды көрнекті орындарына жатқызуға болады.

 

Жаңалықтар