Қараисмаилоғлу: "Түркияның пойыздары Қытай, Ресей және Еуропаға жөнелтіліп жатыр"

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлу Баку-Тбилиси-Карс желісі салынғаннан кейін, Түркияның, Пекин-Лондон орта дәлізінде үздіксіз көлік желісін қамтамасыз еткенін айтты

11 Mart 2021 23:38

"Баку-Тбилиси-Карс және Мармарай желістері өте маңызды функцияны орындайды. Біздің пойыздарымыз Ресей мен Еуропаға жөнелтіліп жатыр" - деді Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлу. Оның айтуынша, пандемияға қарамастан 2020 жыл өте белсенді болып, салаға инвестициялар өсті.

2020 жылы маңызды халықаралық жобалардың жүзеге асырылғанын атап өткен Қараисмаилоғлу: "Біз Анкара-Ниде, Солтүстік Мармара тас жолы және Самсун-Сивас темір жолы сияқты өте маңызды жобаларды бастадық. Бірінен соң бірі іргетасын қалау және жаңа көпірлер мен жолдарды ашу рәсімдері өтіп жатыр"- деп жалғастырды.

Қараисмаилоғлу 2009 жылы Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен, Түркияның жоғары жылдамдықты пойыздың ыңғайлылығымен танысқанын еске салды.

"Жаңа желілер салынып жатыр, ал Анкара-Стамбул, Анкара-Конья және Анкара-Эскишехир жоғары жылдамдықты пойыздар қызмет беріп жатыр. Сондай-ақ, Конья-Караман желісін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы салынғаннан кейін біз Пекин-Лондон ортақ дәлізінде үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз еттік. Мұнда Баку-Тбилиси-Карс желісі де, Мармарай да өте маңызды функцияны орындайды. Ал Анкара-Сивас жүрдек пойыздарының желісі маңызды желілердің бірі болып табылады" - деп түйіндеді министр.

Anahtar Kelimeler: Әділ Қараисмаилоғлу, жүрдек пойыз,

Жаңалықтар