Ашқабат Мәдениет Орталығы: Сапармұрат Түрікменбашы Бас Драма театры

Сапармұрат Түрікменбашы Бас Драма театры (бұрынғы аты Молланепес Түркімен мемлекеттік академиялық драма театры) өзінің алғашқы театр маусымын Ашқабатта 1929 жылдың 10 қыркүйегінде ашты.

01 Nisan 2022 18:34

Сапармұрат Түрікменбашы Бас Драма театрында түрікмен халқының өміріні бейнелейтін "Қойшы", "Қара түйін" сияқты шығармалар сахналанды.

Бұл театрдың алғашқы түлектері - Аман Гүлмәммедов, Алты Гарлиев, Базар Аманов, Сурай Мұрадова, Гүллүк Ходжаев, Гүлкіши Гүлмұрадов, Сары Гарриев, Оғұлғурбан Дурдиева, Ғылыч Бердиев және Галпак Хэрраев елдің театр өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.

Уақыт өте келе театр жаңа сахналық қойылымдармен байытылып, вокалистерімен, хорларымен, бишілерімен және симфониялық оркестрімен ең жарқын мәдениет орталықтарының біріне айналды. Театрдың жаңа ғимараты 2005 жылдың қазан айында ашылып, 2006 жылы "Сапармұрат Түрікменбашы Бас драма театры" деп аталды.

 

Жаңалықтар