Қашқар тауларында жаттығу жасайтын "хелиски" әуесқойлары туризмнің дамуына үлес қосады

Қашқар таулары Еуропаның жанында орналасқан қарының сапасымен танымал болған таулар. Қашқар таулары - жергілікті және шетелдік шаңғышылардың сүйікті орны.

20 Mart 2022 12:34

"Хелиски" - ең қызықты спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт түрімен айналысатын спортшылар тау шыңына тікұшақпен көтеріліп, шаңғы тебеді.

Бұл спорт әлемнің бірнеше орталығында ғана қол жетімді.  Олардың бірі Түркияның Ризе аймағында орналасқан. 

Айдер хелиски авиация және туризм кәсіпорны басқаратын Түркия "хелиски" орталығы 2005 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Орталықты Түркия мен Швейцария бірлесіп басқарады. 

Хелиски маусымы биыл 17 қаңтарда ашылды. Осы аптада 22 спортшы Түркияға хелиски спортының сүйкімділігіне ену үшін келді. 

Шетелдік қонақтар қар мен мұздықтармен жабылған биік тауларға, қалың бұлақтарға, ормандарға, шалғындар мен өрістерге таңдана оралады.

Жаңалықтар