Қасиетті сүмелек тағамы

Түбі түркі халықтардың ортақ мерекесі болып табылатын Наурыз мейрамының бас тағамдарының бірі - сүмелек.

27 Mart 2022 14:24

Наурыз кезінде қазақтарда наурыз көже әзірлеу дәстүрге айналған.

Ал парсы, өзбек, қырғыз, иран, түрік, әзірбайжан, түркімен, ұйғыр, ауған халқында Ұлыс­тың ұлы күні «сумалак» деген тамақ жасайды.

Рас, қырғыз ағайын сәл атын өз­гертіп, бұл тағамды «сүмелек» деп айтады.

Бірақ жасалу технологиялары бір-біріне ұқсас.

Ал түркімендер осы тағамды «семене» деп атайды. Бәрі де жаңа өсіп шыққан бидай дәнінен жасалады.

Әр халық мұны әртүрлі қоспа қосып, түрлендіретіні де бар. Бірақ осы тұста бұл ұғымның астарына да үңіліп көрген жөн сияқты.

Ел аузындағы бір аңыздарға сенсек, «сүмелек» немесе «сумалак» сөзінің екі мағынасы бар екендігін байқаймыз. Біріншісі – парсының «си мелек», яғни «отыз періште» сөзінен шыққандығы туралы уәж. Яғни Наурыз кезінде «сүмелек» қайнатып жатқан кезде қазанның қасында 30 періште отырадымыс. Екіншісі – парсыша «самани» деп аталатын бидай дәндері көрінеді. Шамасы, түркімендердің «семене» дейтіні осыдан шығар.

Дегенмен, барлығының тілегі бір. Молшылық болсын дегені. Сонымен, Нау­рыздың ең басты тағамдарының бірі болып саналады. Ол тек өзбек ұлтына тән тағам емес, бүкіл мұсылман қауымына ортақ тағам. Наурыз көжені қалай құрметтесе, сумалакты да солай қадірлейді.

Жаңалықтар