Аспандағы бүркіттердің тарихы: Анкарадағы Әуе күштері мұражайы

Үлкен экспонат коллекциясына ие мұражайдың ашық алаңы 63 мың шаршы метрді және жабық ауданы 2 мың шаршы метрді құрайды.

24 Ocak 2022 17:39

Анкарадағы әуе күштерінің мұражайын 1998 жылы 18 қыркүйекте Ататүріктің асырап алған қызы және түрік халқының алғашқы әйел ұшқышы Сабиха Гөкчен ашты.  

Мұражай екі бөліктен тұрады: жабық алаң және ашық көрме алаңы.

Ашық көрме алаңына кіре берісте Түрік авиациясының тарихына ерекше үлес қосқан Махмут Шевкет Паша, Зеки Доған және Сабиха Гөкчен сияқты маңызды есімдердің бюсттері орнатылған. Сонымен қатар кіре берісте Түрік әуе күштерінің барлау, оқыту, тасымалдау, іздеу, құтқару және байланыс үшін пайдаланылған ұшақтар және 1 тікұшақты көруге болады.

Түрік ғалымдары: Лагари Хасан Челеби және Хезарфен Ахмет Челеби

Жабық көрме алаңында Лагари Хасан Челеби мен Хезарфен Ахмет Челебидің алғашқы ұшу әрекеттерін бейнелеген макеттер бар.

Лагари Хасан Челеби әлемдегі зымыранмен ұшқан алғашқы адам болды. Осыған байланысты оны зымыран технологиясының атасы деп атайды.

"Хезарфен" деген атпен танымал Ахмет Челеби Ыстанбұл, Үскүдарда орналасқан Галата мұнарасынан Қанатпен ұшқан алғашқы ғалым болды.

Жабық алаңда сонымен қатар авиация тарихын көрсететін фотосуреттер мен құжаттар қойылған, Түркия әуе күштерінің түгендеуінде орын алатын ұшақтардың үлгілері ұсынылған.

Археологиялық аудандар

Залдың кіреберісінің сол жағында аспаннан түсірліген археологиялық нысандардың суреттері орналасқан. Троя, Бергама, Сарт, Селчук, Эфес және Миллет археологиялық ескерткіштерінің аспаннан түсірілген фотосуреттері Түркия тарихында маңызды болып саналады.

Этимесгут әуе зауытынан шыққан алғашқы ұшақ 80 жыл бұрын әуеге көтерілді

Түрік авиациялық қауымдастығы 1942 жылы Этимесгутта авиациялық зауыт ашты. Онда бірқатар ұшақтар шығарылды. Солардың бірі - "Майлс Магистр" ұшағы. Бұл ұшақ 1942 жылы 7 маусымда арнайы рәсім аясында әуеге көтерілді.

Қызғылт сары түсті "қара жәшіктер"

Мұражайдағы F-16 ұшағының "қара жәшігі " келушілердің назарын аударады.  Қара жәшіктер борттық жүйелердің деректерін, экипаж әңгімелерін, көліктегі оқиғаларды тіркейді және апат болған жағдайда оның себептерін анықтау үшін пайдаланылады. "Қара жәшік" деп аталатын бұл зат негізінде қызғылт сары түсте болады.

Түркияның алғашқы әйел ұшқышы: Сабиха Гөкчен

Сабиха Гөкчен Түркияның алғашқы әйел ұшқышы ретінде тарихқа атын жазған.

Мұражайда Сабиха Гөкченге тиесілі арнайы бөлім бар. Мұнда оған тиесілі көптеген заттар қойылған. Гөкчен бұл заттарын мұражайға 1999 жылы сыйға тартқан.

Айфер Гөк және Дженгиз Топель

Мұражайда шейіттер залы бар. Онда 1911 жылдан бері шейіттердің тізімі берілген. Сондай-ақ, көрмеде лейтенант Эйфер Гөк пен капитан Дженгиз Топельдің жеке заттары қойылған.

Дженгиз Топельдің ұшағы 1964 жылы Кипр аралындағы операция кезінде жерге құлады. Дженгиз Топель парашютпен секірді. Бірақ гректер оны тұтқындады және өлімге азаптады. Ұшқыштың денесі 1964 жылы 14 тамызда Эдирнекапының әуе шейіттерінің кесенесінде жерленген.

Мұражайдың мақсаты - түрік әуе күштерін дамыту және жастардың авиацияға деген қызығушылығын арттыру.

Жаңалықтар