Қасым Тыныстанов: Заманауи қырғыз әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі

Қырғыз түркітанушы Қасым Тыныстанов.

24 Haziran 2022 16:38

Қасым Тыныстанов Ыстық көліне байланысты Чырпыкты ауылында дүниеге келген.

1916 жылы болған "Үркін" деп аталған қорқынышты оқиғаның салдарынан ол Қытайға көшуге мәжбүр болды.

1924 жылы Ташкенттегі Эль-Агартуу қазақ-қырғыз институтында жоғары білім алады.

1925 жылдан 1926 жылға дейін - Қырғыз Автономиялық Республикасының Академиялық орталығының меңгерушісі, 1927 жылдан 1930 жылға дейін - Қырғыз Автономиялық Республикасының Білім министрлігінде қызмет атқарды.

1928 жылдан 1931 жылға дейін "Жаны мәдениет жолында" журналының бас редакторы болып жұмыс істеді.

1930-37 жылдары Қырғыз өркениеті институтында қызмет етті. 

Тыныстанов 1937 жылы 4 тамызда КСРО халықтарының жауы деген айыппен тұтқындалады.

1938 жылы 6 қарашада атылды.

1957 жылы ақталды.

Қырғыз жазбаша тілі бойынша жұмыстар

Заманауи қырғыз әдебиеті негізін қалаушылардың бірі Тыныстанов араб әліпбиімен жазылған қырғыз тілінің алдымен латын, содан кейін кирилл әліпбиіне көшуі үшін белсенді жұмыс істеді.

Оның "Жаңа әліпбиді құрудың негізгі принциптері" атты жұмысы Бакуде өткен Түркітанышулардың алғашқы құрылтайында таныстырылды.

Тыныстанов "Қырғыз жазуының орфографиясы", "Ақсақалдарға арналған Элифба кітабы", "Біздің тіл", "Қырғыз тілінің морфологиясы", "Қырғыз тілінің синтаксисі" деп аталған кітаптарды жазды.

1933 жылы терминдер сөздігін дайындады.

Тыныстановтың жазған жұмыстары бүгінде дерек көзі ретінде қолданылады.

Жазушының ғылыми еңбектерінен бөлек, поэзия мен драма саласында да маңызды туындылары бар.

Жаңалықтар