Қасым Жомарт Тоқаев, Қазақстанның коронавирустың қауіпті кезеңінен өткенін хабарлады

Қазақстан Президенті, Қазақстан - коронавирус індетінің қауіпті кезеңінен өте алды, деп мәлімдеді.

11 Mart 2021 15:27

Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі ресми парақшасында, осыдан бір жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус қауіптілігі туралы мәлімдеме жариялағанын ескертті.

Қазақстан президенті, бүкіл әлемде болғандай Қазақстан да өте күрделі процестен өтіп бара жатқанын атап өтті. "Қазақстандықтар бұл аурудың қауіпті кезеңін еңсере алды, бірақ індеттен толық кұртылу жолы екпе салу процесіне байланысты" - деді Тоқаев.

Тоқаев, коронавирус індетінін басталуыннан кейін бір жыл өтсе де, вирустын қауіпті мөлшері әлі де сақтанып тұрғанын ескертіп, Қазақстан азаматтарын сақ болуды жалғастыруға шақырды. 


"2021 жылы 6 миллионға жуық Қазақстан азаматына екпе салынады"

2020 жылдың наурыз айында Қазақстанда Ковид-19-дың алғашқы оқиғасы анықталды, 15-ші наурызыда бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жарияланды. Эпидемиямен күрес аясында мектептер белгісіз мерзімге жабылды, ал жоғары оқу орындарында оқитын студенттер қашықтықтан оқытуға көшті.

Төтенше жағдай 2020 жылдың 11 мамырында аяқталды, елде жұмыссыз қалғандарға шамамен 100 доллар жәрдемақы берілді, ал шағын және орта бизнес салықтан босатылды.

2021 жылы 1-ші ақпанда Қазақстанда ресейлік "Спутник В" екпесі мақұлданып, вакцинация процесі басталды. Қазақстан үкіметінің жоспарынша биыл Қазақстанда 6 миллионға жуық адамға екпе салынатын болады. 

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде 752 жаңа науқас анықталды, вирус оқиғалардың жалпы саны 220 мыңнан асты. Аурудан сауығып кеткендердің саны 204 мыңға жетті, ал вирустан опат болғандардың саны 3 мыңға жетті, деп хабарланды.

Anahtar Kelimeler: Қасым Жомарт Тоқаев, коронавирус індеті, вакцинация процесі, екпе салу процесі, Қазақстан, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі, шектеу шаралары,

Жаңалықтар