Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Қазақстан Республикасының президенті, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыстан кейін Қырғызстанға гуманитарлық көмек жасауға дайын екенін хабарлады.

01 Mayıs 2021 22:58

Мемлекет басшысы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтындағы мәлемдемелерге сәйкес, Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен жеке жеке телефон арқылы сөйлесті.

Қырғыз әріптесіне көңіл айтқан Тоқаев, Қазақстан тарапынан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін атап өтті.

Өз кезегінде Жапаров Қазақстан президентіне және бауырлас қазақ халқына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Тоқаев тәжік әріптесі Эмомали Рахмонмен де телефон арқылы сөйлесіп, мемлекеттік шекарадағы болған қарулы қақтығыстың тек қана Қырғызстан және Тәжікстанды емес, барлық көрші елдерге де жағымсыз әсер ететінін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта осындай қақтығыстарды болдырмау жөнінде тиімді келісімге қол жеткізу үшін Душанбеде жоғары деңгейде кездесу өткізу туралы уағдаластықты қолдады.

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекарадағы қақтығыстың тарихы мен қазіргі қалыптасқан жағдай туралы толық ақпарат берді.

 

Жаңалықтар