Қасым Жомарт Тоқаев Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтады

26 Şubat 2021 23:48

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Тоқаев Ердоғанға құттықтау хат жолдады.

Жолдауда Ердоғанның туған күнін атап өткен Тоқаев: "Түркия сіздің тиімді басшылығыңызбен, жүргізіп отырған теңгерімді саясатыңыздың арқасында тұрақты өсуді жалғастыруда, азаматтардың жағдайы жақсаруда, аймақтағы және халықаралық аренадағы өз ұстанымдарын нығайту үшін маңызды қадамдар жасауда. Осыған байланысты жұмыстарыңызда табыс тілеймін."- деді.
Тоқаев Ердоғанның стратегиялық серіктестік аясында екі ел арасындағы бауырластық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты қатынастарды нығайтуға және диалогты ең жоғары деңгейде жалғастыруға дайын екенін атап өтті. 

Жаңалықтар