Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс бойынша пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

30 Nisan 2021 20:29

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс бойынша пікір білдірді.

Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдағанын білдірген Тоқаев, қырғыз бен тәжік халықтарының қазақтың бауырлары болғанын атап өтіп, ортақ тарих және мәдени құндылықтарға ие болғанын айтты.

"Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымызға бейбітсүйгіштік, төзімділік пен өзара сыйластық тән.

Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін. Өз тарапымнан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайынмын. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санаймын." - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар