Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары екі ел қарым-қатынастарының одан әрі дамуының белгісі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10-11 мамыр күндері арасында ресми сапармен Түркияда.

10 Mayıs 2022 13:37

Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынастары тарихи тамырластық, ортақ мәдениет және рухани құндылықтардан нәр алады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойғаннан кейін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындаған әлемдегі бірінші ел Түркия Республикасы болды. Бұл жас қазақ мемлекеті үшін Түркия тарапынан көрсетілген моральдық қолдау ғана емес,  бауырластық пен достықтың символы іспеттес.

1992 жылғы 21 сәуірде Түркияның Қазақстандағы бірінші елшісі Аргун Озпай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Түркия Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы ел. Сондай-ақ Түркияның дипломатиялық миссиясы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы шетелдік өкілдік болды.

Содан бері Анкарамен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды. Бүгінде Қазақстан мен Түркия саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери және басқа да салаларда белсенді қарым-қатынас орнатқан.

Түркия Қазақстанның ең ірі 5-ші экономикалық серіктесі

Түрік компанияларының Қазақстанға инвестициялары рекордтық деңгейге жетті. Соңғы жылы Түркиядан Қазақстанға 362 миллион 400 мың доллар инвестиция түсті.

Осылайша, 30 жыл ішінде Түркиядан келген инвестициялардың жалпы құны 4 миллиард долларды құрады, ал Қазақстанның Түркияға тартқан инвестициялардың көлемі 1 миллиард доллардан асты.

Айта кетейік, бұл Тоқаевтың Анкараға іске асыратын алғаш ресми сапары.

Жаңалықтар