Атақты Әзірбайжан кілемдері

Әзірбайжанда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан кілем тоқу өнері елдің мәдениетінде үлкен рөл атқарады.

09 Mayıs 2021 22:34

Әзірбайжанда кілем тоқу өнері мыңдаған жылдар бұрын пайда болған және жергілікті тұрмыста үлкен рөл атқарады. Даңқы алысқа кеткен кілем тоқу өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енген.

Әзірбайжан кілемдері әлемнің бірқатар елдеріне экспортталып, мемлекетке айтарлықтай табыс әкеледі.

Әлемнің әйгілі мұражайларында орын алатын әзірбайжандық кілемдер, Лондондағы Виктория мен Альберт мұражайы, Вашингтондағы Метрополитен өнер мұражайы және т.б. мұражайларда да көруге болады.

Қазіргі заманда да Әзірбайжанда кілем тоқу маңызды сала болып табылады, өйткені мемлекет үкіметі кілем тоқу өнеріне ерекше көңіл бөледі әрі қолдайды.

Баку қаласындағы кілем мұражайы

Дүние бойынша алғашқы кілем мұражайы Баку қаласында орналасқан. Мұражайдың ғимараты сырттан қарағанда бір кілемге ұқсайды, мұражай бұл ерекше сәулетімен де өзіне назар аударады. 
Мұражайда Әзірбайжан кілемдерінің ерекше үлгілері ұсынылған. Күн сайын мұражайға ондаған туристер тарихи кілемдерді көру үшін келеді.

Әзірбайжанда кілем тоқу өнері көптеген мектептерде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениеттің жеке саласы ретінде оқытылады.

"Қарабақ кілемі"

Елдің әр аймағында ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлерге сәйкес кілемдер тоқылады. Әзірбайжандағы ең танымал болып табылатын кілем түрі - "Қарабақ кілемі". Бұл кілемдер басқа кілемдермен салыстырғанда үлкенірек және түрлі-түсті жіптер мен өрнектермен тоқылады.

 

Жаңалықтар