Аймақ басшылары Сердар Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Аймақ басшылары Сердар Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

15 Mart 2022 18:57

Түрікменстанның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиеев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жаңадан сайланған Түрікменстан Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовты телефон арқылы құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Бердімұхамедов Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына ізгі тілектері үшін алғыс білдіре отырып, аймақ елдерімен екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейту, жаңа жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқаратынын атап өтті.

Айта кетейік, 12 наурызда Түрікменстанда президенттік сайлау өтті, 72,97% дауыс жинаған Бердімұхамедов елдің үшінші президенті болды.

Жаңалықтар