88

Айя София мешітінде 88 жылдық үзілістен кейін тарауих намазы оқылады

Айя София мешітінде таравих намазы оқылады. Айта кетейік, 88 жыл бұрын мұражайға айналған Айя София 2020 жылдың 24 шілдесінде мешіт ретінде қайта ашылды.

30 Mart 2022 17:12

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуына бірнеше күн қалды. 

 Рамазан барлық мұсылмандар үшін "Ораза" айы, Ислам дінінің тіректерінің бірі болып саналады. 

Ораза ұстау адамдарға күні бойы тамақ пен судан бас тартуға және жаман істерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұсылмандар қасиетті айды тағатсыздана күтеді және ізгі тілектермен дұға етіп, игі істер жасауға тырысады.

Қасиетті Рамазан айы - мұсылман отбасындағы береке мен қуаныш айы. 

Рамазан айында тарауих намазы сүннет болып саналады. Тарауих - Рамазан айында ораза ұстаудың әр күнінен кейін түнде оқылатын намаз.

Биыл тарауих намазы аты аңызға айналған Айя София мешітінде де оқылады: 88 жыл бұрын мұражайға айналған Айя София 2020 жылы ғибадат ету үшін мешіт ретінде ашылды. .2020 жылдың 24 шілдесінде Айя София Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанның Жарлығымен мешітке айналды және ғибадат ету үшін ашылды. Алайда, 2020-2021 жылдары Ковид-19 індетіне байланысты елдің ешбір мешітінде тарауих намазын оқуға рұқсат берілмеді.

Биыл тарауих намазына ешқандай шектеулер жоқ. Елдің барлық мешіттерінде, соның ішінде Айя Софияда, 1 сәуірден бастап тарауих намазын оқуға болады.
 

Жаңалықтар