Қазақ даласының ұлы дауысы: Жетіген

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы.

18 Mart 2022 18:17

Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап.

Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған.

Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген деп аталған.

Даусын көтеру үшін асықтарды ішектердің екі жақ басынан ортасына қарай жақындатқан, ал оларды кері жылжытып, араларын алшақтатса дауыс төмендеген. Әрбір ішектің бұрауын келтіргенде орындалатын әннің, әyeнi басшылыққа алынған.

Жетіген талай жүздеген жылдар өтсе де сол баяғы қарапайым күйінде қала берді. Ішек саны жетеу, тиегі асық.

1966 жылы Оразғазы Бейсембаев «Сибирский вестник» журналында 11818 жылы суреттеп жазылуы бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.

 

Түркітілдес халықтарда да жетігенге ұқсас музыкалық аспаптар бар. Мысалы: татар халқы оны «етиган», тыва халқы «жадықан», хақастар «шатқан» деп атайды.

 

Жаңалықтар