Қазақ даласының үні – Домбыра

"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра", Қадыр Мырза Әлінің бұл сөздердің халқымыз үшін зор мәні бар. Домбыра қазақтың болмысы, тарихы, жері, бақыты мен қайғыларының үні.

06 Mayıs 2021 14:14

Домбыра қазақ халқының жан сезімін паш ететін жан серігі. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық қөзқарасын бейнелеп, оларды атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды.

Домбыра - ғасырлар бойынша қазақ халқының сырын сақтап келе жатқан ұлттық музыкалық аспап.

Қазақтың кең даласында әр аймақтың домбырасы әр түрлі болады. Мысалы Қазақстанның солтүстігінде, орталығында немесе оңтүстігінде домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында қолданылатын домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.

Домбыра дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өркендеу кезеңіне жетті. Бұл ұлттық музыкалық аспап өнерінде Батыс Қазақстандық "төкпе" және де Шығыс Қазақстандық "шертпе" деген дәстүр қалыптасты. Бүл екі тәріз композициялық құрылысы, ойнау техникасы және тілі бойынша ерекшеленеді.

Батыс Қазақстанның күйлері көбінесе соғыс, қақтығыс секілді тақырыптарды қамтиді. Бұл күйлерде терең философиялық мағына жатады.

Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің төкпе дәстүріне қарағанда негізі айырмашылығы - күйлердің ән тектес әуенді және жұмсақ болуы. Шертпе музыкалық дәстүрінің мазмұн-мағанасында психологиялық толғаныстар, нәзік сезім секілді тақырыптар жатады.

Домбыра өнері қазақ мәденитінің негізі, қазақтың тарихы мен кең даласының үні, әр бір қазақтың жүрегіндегі отанына деген махаббаты.

"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра"

Жаңалықтар