Қазақ халқының ұлттық ойыны - "Асық ату"

Қазақтың ұлттық асық ойыны ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілген.

03 Nisan 2021 15:31

Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. 

Бұл ойынды сыртта, тегістеу жерде ойыншылар жеке-жеке де, одақтасып та ойнайды.

Республикалық асық ойыны федерациясының директоры Жомарт Сабыржанов, бұл ойынның 3 мың жылдық тарихы бар екенін атап өтті.

"Асық ату" федерациясы 2011 жылы құрылған және содан бері асық ойынын, әсіресе, қазақтың өскелең ұрпағы арасында кеңінен тарату бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді.

Осыған байланысты федерация ежелгі "Асық ату" ойыны бойынша, соның ішінде Қазақстан аймақтарында курстар ашып, түрлі жарыстар өткізеді.

"Жеті жыл бұрын біз асық ойынының ережелерін жүйелеп, осы ойынды дәріптеуге ұмтылудамыз." - деді Сабыржанов. Бүгінгі таңда бұл ойынды елімізде 10 мыңнан астам адам ойнайтынын атап өтті федерациянын директоры.

Қазақтың ұлттық асық ойыны ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілген, Жомарт мырзаның айтуынша, бұл қазақ мәдениетінің таралу жолындағы өте үлкен жетістік.

Anahtar Kelimeler: "Асық ату" ойыны, Жомарт Сабыржанов, Қазақ ұлттық ойыны,

Жаңалықтар