Қазақ халық ертегілері қуыршақ театрында балаларға нағыз сиқырлы сезім сыйлайды

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қуыршақ театры балалар аудиториясында өте танымал.

20 Mart 2021 14:32

Театр, 2010 жылы Нұр-Cұлтан қаласы әкімшілігінің қолдауымен құрылып, елордадағы жалғыз құыршақ театры. Театрда балаларға қуыршақтардың көмегімен қазақ халық ертегілері түсіндіріледі.

Қуыршақ театрының репертуарында 100-ден астам қуыршақ кейіпкері бар және қойылатын 28 спектакль бар. Бұл спектакльдерге Нұр-Сұлтан қаласының бастауыш сынып және балабақша тәрбиеленушілері барады. Сонымен қатар, театрда актерлік шеберхана бар.

Қуыршақ театрының директоры Тоғжан Хасанғалиеваның айтуынша қуыршақ театры - өнердің ерекше саласы. "Драма театрының әрбір актері қуыршақ театрында ойнай алмайды. Мысалы Қытайда театрдың құыршақ санатында жұмыс істей алу үшін балаларды төрт жасындан бастап мансапқа үйретеді. Бұл өнерде қолдар мен саусақтардың икемділігі өте маңызды.  Театр мамандығы бойынша ең қиын көрермен-балалар, олар бірден сахнадағы кішкене қатені тез байқайды және табиғи түрде жауап береді. Балаларымыз өздерінің мәдениеті мен дәстүрлерін білуі тиіс."- деді Тоғжан ханым.

Тоғжан Хасанғалиева, пандемияның шектеу шараларының нәтижесінде бір жылға жуық уақыт бойы қашықтан жұмыс істегендерін айтты. Қазіргі таңда театр қайтадан ашылды, көрермен залының тек ғана 50%-ы толу шартымен спектакльдер қойыла алынады. "Біз жұмысқа қайта оралып, кішкентай көрермендердің көз алдында өзара бақытты көргенімізге қуаныштымыз." - деді Хасанғалиева.

Anahtar Kelimeler: Нұр-Сұлтан,

Жаңалықтар