Қазақстан-Анталия әуе рейстерінің саны көбейтілді

Қазақстаннан Анталияға 7-ші маусымнан бастап аптасына 8 әуе рейсі іске асырылады.

04 Haziran 2021 13:08

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Ковид-19 жөніндегі Үкіметтік комиссияның жаңа шешіміне сәйкес Түркия мен Өзбекстанға әуе рейстердің саны артады.

7-ші маусымнан бастап Қазақстаннан Анталияға аптасына 8 рейс ұйымдастырылатын болады. 

Сонымен қатар, Өзбекстанның Наманган, Нүкіс және Самарқан қалаларына да тұрақты рейстер ашылады.

Айта кетейік, Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, жазда көптеген азаматтардың Түркияға демалуға барғанын және осы жағдайды ескере отырып, Анталияға іске асырылатын рейстердің санын арттыру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Жаңалықтар