Қазақстан дәстүрлі білім беру системасына қайтадан көшті

Коронавирус індетіне байланысты қашықтықтан білім алған оқушылар 1-ші қырқүйектен бастап дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша білім алатын болады.

11 Ağustos 2021 20:06

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Министрлер Кабинетінің апта сайынғы отырысында сөйлеген сөзінде мектептерде дәстүрлі білім беру жүйесіне көшуге дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүкіл ел бойынша жаңа оқу кезеңінде бастауыш, орта мектеп, сондай-ақ колледждер мен университеттерде бетпе-бет білім беріледі деп мәлімденді.

Мамин Ковид-19-ға қарсы вакцина салған мұғалімдер ғана қызмет ете алатынын атап өтті және  25 тамызға дейін денсаулығы үшін негізі бар мұғалімдерді қоспағанда, барлық мұғалімдердің екпе салу керек екендігін ескертті.

 

Жаңалықтар