Қазақстан екінші рет Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстаннан Украинаға екінші рет 17,5 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

29 Mart 2022 16:36

Украинаға гуманитарлық көмек жіберген Ішкі істер министрлігіне тиесілі Ил-76 ұшағы Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің Telegram парақшасы.

Негізінен азық-түліктен тұратын 17,5 тонна гуманитарлық көмек Украинаға Польша арқылы жеткізіледі.

Осылайша, украин халқына екінші рет гуманитарлық көмек жіберген еліміз, осыдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 28,2 тонна көлемінде медициналық көмек жіберген болатын.

 

 

Жаңалықтар