2021-4

Қазақстан экономикасы 2021 жылы 4 пайызға өсті

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткен жылы ел экономикасы 4 пайыздық өсімге жеткенін хабарлады.

08 Şubat 2022 16:40

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Смайылов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына баға берді.

Премьер-министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті, "Тау-кен өндіру секторын қоспағанда, негізгі экономикаға инвестициялар көлемі 9,5 пайызға өсті." - деді ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар Смайылов өткен жылдың 9 айында елге 18,8 миллиард тікелей шетелдік инвестиция келіп түскенін, ал 2021 жылдың 11 айында жалпы сыртқы сауда 15,4 пайызға, яғни 91,4 миллиард долларға дейін өскенін мәлім етті. Берілген мәліметтеге сәйкес, еліміздің импорты 4,2 пайызға, яғни 37 миллиард долларға дейін өсті.

Қазақстанда негізгі азық-түлік өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын атап өткен Смайылов ішкі нарыққа қосымша 150 мың тонна сұйытылған газ жеткізілетінін хабарлады.

Премьер-Министр 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін газ бағасының көтерілмейтіні туралы да мәлім етті.

Жаңалықтар