Қазақстан көрші елдермен шекарадан өтуге қойылған шектеулерді алып тастады

Қазақстанда бүгіннен бастап Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен шекара қиылысында "Ковид-19" салдарынан 2020 жылдың наурызынан бастап енгізілген шектеулер алынып тасталды.

11 Nisan 2022 16:53

Қазақстанның Ковид-19 індетінің алдын алу жөніндегі Үкіметтік комиссиясы 11 сәуірден бастап елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты көрші Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен шекаралық өткелдердің ашылғаны туралы хабарлады.

"Ковид-19 індетіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары мен Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен мемлекеттік шекарадан өтетін шетелдіктер үшін шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды," - делінген хабарламада.

 

Жаңалықтар