Қазақстан халқы сайлау орталықтарында

Қазақстан халқы Конституциялық референдумда "Жаңа Қазақстан" деп аталатын жаңа саяси өзгерістерге дауыс беру үшін сайлау орталықтарында.

05 Haziran 2022 13:21

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де бүкіл ел бойынша референдумда қолданыстағы Конституцияның үштен бірін өзгерту туралы дауыс беру басталды.

11 миллион 700 мыңға жуық тіркелген сайлаушылар, ел ішінде және одан тыс жерлерде орнатылған 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде: "Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен келісесіз бе?"  сұрағына жауап береді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00 - де аяқталатын референдумға байланысты оқиғалар ұлттық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратындағы сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тілшілерге бүгінгі күннің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандағы конституциялық референдумды Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық ұйымдарға қатысушы елдерден 272 өкіл бақылап отыр.

 

Жаңалықтар