2021-1-3

Қазақстан халқының саны 2021 жылы 1,3% - ға өсті

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының жалпы саны 1,3 пайызға көтерілді. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының саны 19 миллионнан асты.

02 Şubat 2022 14:31

Қазақстанның Ұлттық статистика басқармасы 2021 жылға арналған ел халқы туралы есепті жариялады.

Тиісінше, өткен жылы халық саны 1,3 пайызға артып, 19 миллион 126 мың адамды құрады.

Көрсетілген кезеңде халық саны еліміздің 17 өңірінің 11-інде ұлғайды, ал Ресеймен шекаралас Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында халық саны азайды.

Қалада тұратын азаматтарымыздың саны 1,83 пайызға артып, 11 миллион 356 мың адамды құрады. Ауылды мекендерде тұратын азаматтарымыздың саны 0,54 пайызға қысқарып, 7 миллион 770 мың болып тіркелді.

Айта кетейік, өткен жылғы санақ қорытындысы бойынша елімізде қазақтардың үлесі халықтың жалпы санының 70 пайызынан асатыны жарияланған болатын.

Жаңалықтар