Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Раза Қазақстанға ресми сапармен келді.

12 Ağustos 2021 14:45

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, генерал Надим Разаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әскери ынтымақтастығы аясында жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және кадрлар даярлау, БҰҰ миссияларында бітімгершілік контингентін бірлесіп өрістету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ресми сапары барысында Раза Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне де барды.


 

 

Жаңалықтар